Құрылыс жұмыстары «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ арасында 2004-жылы қол қойылған келісімнің негізінде жүргізілуде. Соған сәйкес әрбіреуінің ұзындығы 27 шақырымдық екі электр жалғастыру желісі тартылуы тиіс. Жобаның құны 1,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, электр жалғастыру желісінің 800 метрі Ертіс арқылы өтеді.
Бұл жобаның аясында ашық тарату қондырғысының аясы кеңейтіледі. Бұл жұмыстар 1 млрд. теңгеге бағаланып отыр.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»АҚ-ның мәліметіне сәйкес, Ақсу Жылу электр станциясы электролиз зауытын 480 МВт көлемінде электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.