Павлодарда эстрадалық әндер орындаушыларының облыстық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда эстрадалық әндер орындаушыларының облыстық байқауы өтті

Павлодарда эстрадалық әндер орындаушыларының облыстық байқауы өтті

Павлодар қаласында «Сыңғырлаған әуен -2012» эстрадалық әндер орындаушыларының он алтыншы облыстық байқауы болып өтті, деп хабарлады Оқушылар сарайынан.

  • 25 Сәуiр 2012
  • 740
Фото - Caravan.kz

Оның іріктеу кезеңіне аймақтың қалалары мен аудандарынан 110 бала қатысса, финалда 26 жас әнші сайысты.

Павлодардағы № 21 мектеп оқушысы, жас орындаушы Максим Татарский бұл байқаудың «жаңалығы» болды — оған бас жүлде берілді.

Жүлдегерлер арасында Құрманғазы атындағы № 1 музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері Самал Сұлтанғазина мен Сағынай Сағиденов, Баянауылдан келген оқушы Лейла Қайыр, Ақсудағы Үштерек ауылынан Аманбол Сейілхан мен Лебяжі ауданынан келген жас әнші Аделия Мәжитова болды.

Жеңімпаздар естелік белгілермен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, барлық қатысушыларға ынталандыру және арнайы сыйлықтар табысталды. «Сыңғырлаған әуен» жас дарынды әншілердің жаңа есімдерін ашып, талантты балалар үшін музыка және эстрадалық өнер әлеміне жетелер алаңға айналуда.

Перейти к новостям спорта