Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15 және 18 жастағы апалы-сіңлілі Ғазизовалар Павлодарға Ақтоғай ауданы Ивановка ауылынан келген. Облыс орталығында қыздардың үлкені Әсел дүкенде сатушы болып істесе, кішісі Бағлан педагогикалық колледждің бірінші курсында оқыған. Қыздар пәтер жалдап тұрған.
9-қаңтар, жексенбіде пәтердің әйел-қожайыны келіп есік қағады. Бірақ қыздар ұзақ уақыт есік ашпайды. Ақыры әйел полиция қызметкерлерін шақырған. Пәтерден қыздардың өлі денесі табылды. Сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, қыздар буындырып өлтірілген екен.
Алдын-ала мәлімет бойынша, қыздар тұрған пәтерден дүние-мүлік жоғалмаған. Кісі өлтіру себептері мен күдіктінің аты-жөні әзірге белгісіз. Қазір полиция қаза тапқан қыздардың дос-жарандары мен таныстарынан жауап алуда.