2002-жылдың желтоқсан айында Ақсу қаласынан Ресейге көшуге әзірленіп жатқан бір әйелдің үйіне келген Павлодарлық бір жас әйел өзін пәтерді сатып алушы ретінде таныстырады. Пәтердің әйел- қожайынымен баға туралы пәтуаға келген әлгі адам Павлодарға оралуға уақыттың кешкіргенін алға тартып, сол үйде қона кетуге сұранады. Таңертеңгісін пәтердің әйел- қожайынын буындырып өлтірген қылмыскер ондағы ақша мен видеоаппаратураны тонап алып Павлодарға оралады.
Бірақ полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар арқасында күдіктіні тауып ұстап алды. Тұтқындап, саусақ таңбаларын алу нәтижесінде әйелдің Павлодардағы тағы бір осындай қылмысқа қатыстылығы анықталған.
Павлодар облыстық сотының шешімімен, дүние-мүлкін тәркілетіп, 24 жылға бас бостандығынан айрылған кісі өлтіргіш әйел ендігі жерде жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болады.
Қылмыскердің екі баласын қазір әкесі тәрбиелеп жатыр.