Жарияланды: 440

Павлодарда екі адамның өмірін қиған қылмыскер ұсталды

Павлодарлық полицейлер үш тәуліктің ішінде екі адам өлтірілген қылмыстың бетін ашты,

деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. 4 шілде күні таңертең қаладағы мектептердің бірінің ауласынан пышақталған жас жігіт пен бойжеткеннің мәйіттері табылған болатын. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, 3-інен 4-іне қараған түні әлгі күдікті достарымен - екі бойжеткенмен және төрт жігітпен ішімдік ішіп алып, осы маңда серуендеген. Сөйтіп жүргенде жас жігіт пен оның қызын кездестірген, араларында кикілжің туындап, соңы төбелеске ұласқан - төртеуі әлгі жігітті соққыға жыққан. Күдікті құрбан болған жігітке бірнеше рет пышақ сұққан. Оны өлтіргеннен кейін қызды да пышақтаған. Жауап алу кезінде әлгінің «достары» барлық мән-жайды жайып салып, күдіктінің қылмысын ашып берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін