Павлодарда екі адамның өмірін қиған қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда екі адамның өмірін қиған қылмыскер ұсталды

Павлодарда екі адамның өмірін қиған қылмыскер ұсталды

Павлодарлық полицейлер үш тәуліктің ішінде екі адам өлтірілген қылмыстың бетін ашты,

  • 12 Шiлде 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

4 шілде күні таңертең қаладағы мектептердің бірінің ауласынан пышақталған жас жігіт пен бойжеткеннің мәйіттері табылған болатын. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, 3-інен 4-іне қараған түні әлгі күдікті достарымен — екі бойжеткенмен және төрт жігітпен ішімдік ішіп алып, осы маңда серуендеген. Сөйтіп жүргенде жас жігіт пен оның қызын кездестірген, араларында кикілжің туындап, соңы төбелеске ұласқан — төртеуі әлгі жігітті соққыға жыққан. Күдікті құрбан болған жігітке бірнеше рет пышақ сұққан. Оны өлтіргеннен кейін қызды да пышақтаған.

Жауап алу кезінде әлгінің «достары» барлық мән-жайды жайып салып, күдіктінің қылмысын ашып берді.

Соңғы жаңалықтар