Павлодарда екі күн бойы «QDigitalInform» семинары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда екі күн бойы «QDigitalInform» семинары өтеді

Павлодарда екі күн бойы «QDigitalInform» семинары өтеді

Алдағы екі күнде Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында «QDigitalInform» семинары өтеді.

  • 2 Қазан 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Аталмыш семинар қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында ұйымдастырылады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы. 

Семинар барысында «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының АЖС басқармасының бас маманы Тимур Оспанов өңір жастарына, оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлеріне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты кезеңдері, сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы цифрландыру жүйесі мен электронды құжат айналымы жүйесі туралы айтып береді.

Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, жемқорлық деңгейін азайтады, мемлекетті кәсіби басқаруын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маңызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесі атқарады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады.


Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауыменКоммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры ұйымдастырады

Соңғы жаңалықтар