Жол апаты Кутузов пен Ломов көшелерінің қиылысында болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, бұған «жолдардағы бағыт белгілерінің дер кезінде ауыстырылмауы себеп болған» көрінеді.
Жарақат алғандардың арасында жүкті әйел де бар. Оларға тиісті медициналық жәрдем көрсетілді.
Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жүріп жатыр.