Павлодарда екі жасар қыз даладағы әжетханаға құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда екі жасар қыз даладағы әжетханаға құлап кетті

Павлодарда екі жасар қыз даладағы әжетханаға құлап кетті

Бала дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз

  • 5 Шiлде 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Павлодарда көшедегі дәретханаға екі жасар қыз құлап кетті.

Оқыс оқиға сәрсенбі, 3 шілде күні болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Сағат 13:25-те құтқарушыларға Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты", — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Құтқарушылар дәретхананың еденін ашып, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.


2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.

 

Соңғы жаңалықтар