Павлодарда Елорда күні тойланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Елорда күні тойланып жатыр

Павлодарда Елорда күні тойланып жатыр

Павлодарда бүгін Елорда күнін тойлауға арналған «Астана - алтын қалам!» мерекелік шарасы басталады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Мерекелік шара «Құлагер» ипподромында өтетін «Жігіт сұлтаны» конкурсымен ашылады. Ал Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет орталығы жас павлодарлықтарды «Армысың, Елорда!» тақырыптық бағдарламасына шақырып отыр.

Мерекелік іс-шараны ертең өзен жағалауында өтетін спорттық жарыстар жалғастырады. Онда барлық жастағы әуесқойлардың арасында жүгіру өтеді, футбол мен волейбол турнирлері, армреслингтен, кір тасын көтеруден жарыстар болады.

Балалар саябағында «Ертегі-қала» ойын-сауық бағдарламасы, жас суретшілердің «Жайнай бер, Астана!» көрмесі және «Менің елім — Қазақстан» конкурсы өтеді.

Ал кешке орталық алаңда Астана туралы әндердің фестивалі, халық серуені және жастардың би кеші болады.

Соңғы жаңалықтар