Павлодарда ер адам екі сағат бойы электр бағанынан түспей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ер адам екі сағат бойы электр бағанынан түспей қойды

Павлодарда ер адам екі сағат бойы электр бағанынан түспей қойды

Павлодарда ер адам екі сағат бойы электр бағанынан түспей қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. - Мынау менің жерім. Өз жері

  • 21 Желтоқсан 2016
  • 1027
Фото - Caravan.kz

Павлодарда ер адам екі сағат бойы электр бағанынан түспей қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

— Мынау менің жерім. Өз жерімді өз атыма рәсімдей алмай жатырмын. Жер қатынастары бөлімі, "Кегок" олар сізге айтып түсіндірсін. Облыс прокурорын шақырсын. Мен әйтпесе түспеймін мына жерден, — деп ашуға булыққан Ерғанат есімді 40 жастағы азамат өзіне тиесілі жер аумағын қайтару үшін атқамінерлерден осылайша кек алмақ болған.

Ер адамның айтуынша, электр бағаны орналасқан аумақ оған әкесінен мұра ретінде қалған. Бірақ, ол мұнысын сотта дәлелдей алмаған. Кейін бұл жердің жалға берілгенін естіген азамат ақыры мұнда орнатылған электр бағанына шығуға бел буады. Оны райынан қайтара алмаған туыстары дереу 102-ге хабарласқан. Жоғары вольттық электр желісінде екі сағат тұрған ер адамды мұнда жеткен құтқарушылар да түсіре алмады. Соңында оқиға орнына келген прокурорлардың сөзіне көнген 40 жастағы азамат ақыры төменге түсіп, жиналғандардың көңілін жайландырды. Ал, аумақтың шынымен де оған тиесілі екенін жеткізген әкімдіктегілер мәселені енді сотқа бармай-ақ шешеміз деп отыр.

— Өз кезінде аумақта болған мамандар техникалық қателік жіберген. Осылайша, ол жер бос жер қатарына еніп, онда электр бағаны тұрғызылған. Ал, ер адамың қолында бұрынғы құжаттар болған. Қазір оған жаңа нұсқадағы акт берілуі тиіс. Кейін картадағы координаталар өзгертіліп, оған дәл сол аумақтан тиесілі жері қайтарылады, — деді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Назар Жұмабеков.