Павлодарда ер адам жедел жәрдем дәрігерлерін ұрып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ер адам  жедел жәрдем дәрігерлерін ұрып тастады

Павлодарда ер адам жедел жәрдем дәрігерлерін ұрып тастады

 

  • 10 Ақпан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 ақпанда полицияға төбелес болып жатқаны, жедел жәрдем дәрігерлерінің көмек сұрағаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Анықталғандай, 3 жасар баланың дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Науқасқа қажетті көмек көрсетілгеннен кейін, дәрігерлер оның ауруханаға жеткізілуі керек екендігін айтқан. Алайда баланың анасы оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Дәрігерлер жедел жәрдем көлігіне мініп, кетіп бара жатқан кезде, сол мекен жайдан қайта қоңырау түскен. Нәтижесінде дәрігерлер сол үйге қайта барыпты. Олар үйге келгенде баланың әкесін дәрігерлердің жұмысына көңілі толмағанын айтып жекіп, артынша жұдырық ала жүгірген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен фельдшер мен мейіргердің бас миы зақымдалып, бас сүйек-ми жарақатын алып, беті жарақаттанған. Олар тиісті ем алғаннан кейін үйлеріне жіберілді.


«Медициналық қызметкерлердің аталған факті бойынша шағымы жоқ. Арыз жазудан бас тартып отыр. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады», – дейді ведомстводағылар.

Ведомстводағылардың сөзінше, ер адам ешкімнен кешірім сұрамаған. Алайда жәбірленушілер полицияға жүгінбепті. Себебі оларды соққыға жыққан ер адамның кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар және әйелі жүкті екен.

Соңғы жаңалықтар