Көпірдің ашылуына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, энергетика министрі, бұрын осы облысты басқарған Қанат Бозымбаев қатысты. Олар көпірден көліктердің жүруіне жол ашты. Көпірдің ашылуы кезінде қатысушылардың бірі ауа-райы жаңбырлы болып тұрғанын білдіріп, "Жаңбыр жауып тұр" деген. Оған Бозымбаев "Нұр жауып жатыр" деп жауап қайырған.
Ертіс өзені үстіндегі көпір құрылысы 2013 жылы басталған. Ресми ақпар бойынша, нысанды салуға 84 миллиард теңге (шамамен 254 миллион доллар) жұмсалған.
Биыл қыркүйекте президент Нұрсұлтан Назарбаев көпір құрылысына келіп кеткен. Көпірге келген кезінде Назарбаев қаланың байырғы тұрғындарының бірі көпірді "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" деп атауды ұсынған. Назарбаев ол ұсыныспен келіскен.