Павлодарда гипнозбен қалта қаққан алаяқтар іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда гипнозбен қалта қаққан алаяқтар іздестірілуде

Павлодарда гипнозбен қалта қаққан алаяқтар іздестірілуде

Павлодарда ресейлік тележүргізушісі Елена Малышеваның атын жамылып, тұрғындарға түрлі медициналық қондырғыларды сатып жүрген алаяқтар іздестірілуде. Оның арбауына түскен жандар қылмыскерлердің гипноздау өнерін білетінін алға тартады.

  • 10 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Тыл ардагері Владимир Швайко — алаяқтардың құрығына іліккендердің бірі. 76 жастағы қария өздерін Елена Малышева жүргізетін “Здоровье” бағдарламасының тілшісіміз деп таныстырған екі жігітке есігін аша салыпты. Олар бірден барлық ауруға ем болатын керемет медициналық қондырғыларды жарнамалай бастаған. Осындай тегін сыйлықтарға ие болу үшін, оларды Ресейден жеткізудің құнын төлеуді ғана өтініпті. 27 мың теңгені қалталарына басқаннан соң сұғанақтар тездетіп із суытқан. Ал сан соғып қалған қария керемет ем құралдың орнына ұстара, арзан шаш кептіргіш пен массажерді құшақтап қалды.


Владимир Швайко, зардап шеккен қария:

Ата, жеткізу үшін 27 мың теңге төлеу керек деді. Ақшаны қолдарына бердім. Сөйтіп, олар киініп, шығып кетті. Олар маған гипноз жасаған сияқты.

Соңғы жаңалықтар