Павлодарда «Голос Республики» газетінің журналисі соққыға жығылды
Павлодарда «Голос Республики» және «Городская неделя» газеттерінің тілшісі Александр Баранов соққыға жығылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады. |
А. Барановтың айтуынша, ол жұма күні түске дейін «Қазақстанның ең үздік тауарлары» көрмесінен қайтып келе жатқан.
«Маған подъезде, менен алдымен: «Городская неделя?», - деп сұрап алып, кенеттен шабуылдап кетті, дейді тілші.
А. Баранов атап өткендей, ол келген полицейлерге өзін соққыға жыққан тілшінің түр-сипатын сиапттап берген.
«Бұл шабуылдың кәсіби жұмыспен тікелей байланысты екеніне мен сенімдімін. Журналистер күні қарсаңына осындай сыйлық», - деді журналист.
А. Баранов өзінің соққыға жығылу фактісі бойынша, полицияға шағым түсірмекші.
«Полицияның бір топ қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізіп, оқиғаның мән жайын тексеруде», - деп ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзумова хабарлады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін