Павлодарда «Голос Республики» газетінің журналисі соққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Голос Республики» газетінің журналисі соққыға жығылды

Павлодарда «Голос Республики» газетінің журналисі соққыға жығылды

Павлодарда «Голос Республики» және «Городская неделя» газеттерінің тілшісі Александр Баранов соққыға жығылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

А. Барановтың айтуынша, ол жұма күні түске дейін «Қазақстанның ең үздік тауарлары» көрмесінен қайтып келе жатқан.

«Маған подъезде, менен алдымен: «Городская неделя?», — деп сұрап алып, кенеттен шабуылдап кетті, дейді тілші.

А. Баранов атап өткендей, ол келген полицейлерге өзін соққыға жыққан тілшінің түр-сипатын сиапттап берген.

«Бұл шабуылдың кәсіби жұмыспен тікелей байланысты екеніне мен сенімдімін. Журналистер күні қарсаңына осындай сыйлық», — деді журналист.

А. Баранов өзінің соққыға жығылу фактісі бойынша, полицияға шағым түсірмекші.

«Полицияның бір топ қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізіп, оқиғаның мән жайын тексеруде», — деп ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзумова хабарлады.

Соңғы жаңалықтар