Павлодарда ІІМ арнаулы бөлімінің екі қызметкеріне бопсалаушылық жөнінде айып тағылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ІІМ арнаулы бөлімінің екі қызметкеріне бопсалаушылық жөнінде айып тағылуда

Павлодарда ІІМ арнаулы бөлімінің екі қызметкеріне бопсалаушылық жөнінде айып тағылуда

ПАВЛОДАР. 28-қараша. Kazakhstan Today. Павлодар қалалық №2 сотында ҚР ІІМ оныншы барлау басқармасының Павлодар облыстық арнаулы бөлімінің қызметкерлері тарапынан жергілікті "Аққорған" ЖШС-нің қожайынынан аса ірі көлемде ақша бопсалау дерегі бойынша сот мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Қараша 2006
  • 584
Фото - Caravan.kz

ҰҚК-нің облыстық департаментінің ақпаратына сәйкес, подполковник Владимир Нағыманов пен полиция майоры Асылхан Жанғазинов ағымдағы жылдың 27-мамырында 600 мың теңгені алып жатқан сәтте ұсталған. «Осы ақшаға ІІМ-нің элиталы бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерге мемлекеттік тексеруші органдар мен қылмыстық құрылымдардан қорғауға уәде берген»,- деп хабарлайды департаменттегілер.

Тергеу барысында мәлім болғанындай, ұсталғандар зардап шегушіден бұған дейін де аса ірі көлемде ақша бопсалап келген. Құрылыс жұмыстары мен көмір тасымалы саласында маманданған «Аққорған» ЖШС-нің қожайыны бопсалаушыларға ай сайын орта есеппен 5 мың доллар төлеп келген. Мәселен, тергеу мәліметтеріне сәйкес, 8 айда кәсіпкер айыпкерлерге жалпы алғанда 11 млн. теңге берген.

Тінту барысында В.Нағыманов пен А.Жанғазиновтан оперативтік қызметкерлер заңсыз сақталған оқ-дәрілер тапты.

Сонымен бірге ІІМ барлау басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне ҚР Қылмыстық кодексінің «билік өкіліне қатысты күш қолдану» жөніндегі 321 және «құжаттарды қолдан жасау» жөніндегі 325-бабына сәйкес айып тағылуда.

Павлодарлық журналистер бұл процесті өңірдегі кейінгі кездегі ең бір шулы оқиға деп атады. «ІІМ -нің арнаулы бөлімшесінің қызметкерлеріне тағылған айыптың қаталдығын ескерсек, сот шырғалаңы жуырда аяқталмайтынға ұқсайды»,- дейді БАҚ өкілдері.

Судья Әділет Бақтияров келесі сот мәжілісін 1-желтоқсанға белгіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта