Павлодарда іздеуде жүрген баукеспе жұртты ойыншық тапаншамен қорқытып, көлік ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда іздеуде жүрген баукеспе жұртты ойыншық тапаншамен қорқытып, көлік ұрлаған

Павлодарда іздеуде жүрген баукеспе жұртты ойыншық тапаншамен қорқытып, көлік ұрлаған

Павлодар облысында іздеуде жүрген баукеспе жұртты ойыншық тапаншамен қорқытып, көлік ұрлаған. Бір ай ішінде 8 қылмыс жасап үлгерген алаяқ осылайша алыс ауданнан облыс орталығына жетіп алмақ болыпты. Тіпті жолай қасына екі адамды да отырғызған. Тәртіп сақшылары тоқтатқан кезде әккі ұры сол жолаушыларын қолындағы ойыншығымен кепілге алыпты. Бірақ алысқа ұзай алмады. Қаскөйдің қолына сол жерде кісен салынды.

  • 9 Қараша 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

Ринат Сүлейменов ұрлық, алаяқтық, қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Тәртіп сақшыларынан Ертіс ауданында бой тасалаған 27 жастағы азамат Павлодарға жету үшін көлік иесіне ойыншық тапанша тақап, темір тұлпарын айдап әкетіпті. 

Ринат Сүлейменов, күдікті:

Мен жаттым осы жерде, ана адам шығып кетті, мына жерден тапанша алдым ол телефон шалып жатқанда. Айналып тұрдым да, тапаншаны кезедім «жақындама, атамын!» дедім.

Сөйтіп күре жолға шыққан соң жолай екі адамды көлігіне мінгізіп алады. Әккі баукеспенің ойлағаны бар екен. Полицейлер ұрланған көлікті 100 шақырым жерге ұзаған кезде тоқтатқан болатын. Сол сәтте күдікті еш саспастан қолындағы ойыншық тапаншасымен жолаушының бірін кепілге алған. Тек тәртіп сақшыларынан бұрын, қаскөйдің қолындағы жеткіншектің апасы ширақ қимылдады.  


Сол жағынан шығып, Ерболат отырған жаққа жүгіріп жеткенше, ана жігіт бауырымды мойнынан қысып, тапаншаны бүйіріне кезеп қорқыта бастады. Полицейлерге: егер қаруларынды түсірмесеңдер, мен атам деді. Мен Ерболатты ұстап, тарта бастадым. Жұлқып жүріп босатып алдым әйтеуір. 

Тек осыдан кейін ғана тәртіп сақшылары көкке оқ атып, күдіктінің қолына кісен салған. Кейін анықталғандай, ол соңғы бір айдың өзінде 8 бірдей қылмыс жасап үлгеріпті. Енді сол істегендерімен қоса ойыншық тапаншамен кісі кепілге алып, көлік ұрлағаны үшін де жауап беретін болады.

Соңғы жаңалықтар