Павлодарда «КамАз» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, қауіпті жағдай туғызған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «КамАз» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, қауіпті жағдай туғызған

Павлодарда «КамАз» жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, қауіпті жағдай туғызған

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Сольветка ауылының жанында отқа оранған жүк көлігі «Эйкос» фирмасына тиесілі. Тілсіз жау 45 ша

  • 29 Тамыз 2017
  • 222
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Сольветка ауылының жанында отқа оранған жүк көлігі «Эйкос» фирмасына тиесілі. Тілсіз жау 45 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлады pavlodarnews.kz медиа-порталы.

 Өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 9.02-де түскен, сағат 10.03-те ауыздықталып, 13.26-да толығымен қауіптің көзі жойылды. — Қызыл жалынды ауыздықтауға Қалқаман кентінен № 18 және Ақсу қаласының № 11 өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы бес адам мен екі автоцистерна жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында Евгеньевка ауылынан бір адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын мен өрттің шығу себебі анықталуда, — деді департаментте. Еске сала кетейік, кеше Ломов көшесінде «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС-не тиесілі № 5 бағыттағы автобус отқа оранған. Ақбота Сейсенбаева

 


Соңғы жаңалықтар