Денсаулық сақтау мекемесінің тұсаукесеріне өңір басшысы Ерлан Арын қатысты, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Жаңа орталық бұрын аймақта көрсетілмеген қызметтер кешенін ұсынады. Жылына 2,4 мың ота және рентгенваскулярлық араласуларды өткізуге есептелген ол Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының екі миллионға жуық тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мамандар Мәскеуде оқытылып, машықтанды, Беларусь және Израиль дәрігерлерінен тәжірибе алды. Енді облыста алғаш рет балалардың жүрегіне ота жасалатын болады.
Орталықта бір ауысымда 50 қабылдауды өткізуге арналған кеңес берушілік-емханалық бөлімше бар.
Жаңа медициналық мекеме қолжетімді, уақытылы әрі сапалы мамандандырылған медициналық көмекті көрсетіп, ел Президентінің тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша қойған міндеттерін шеше алады.