Павлодарда кәсіптік-техникалық мектептің он оқушысы белгісіз заттан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кәсіптік-техникалық мектептің он оқушысы белгісіз заттан уланды

Павлодарда кәсіптік-техникалық мектептің он оқушысы белгісіз заттан уланды

Бүгін, 13-қазанда Павлодардағы №5 кәсіптік-техникалық мектептің он оқушысы белгісіз заттан уланып қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2004
  • 465
Фото - Caravan.kz

Жасөспірімдердің айтуынша, мектеп қоймасында жүрген олар ішінде белгісіз сұйықтығы бар ыдысты сындырып алған.

Мектепке құтқару қызметінің мамандары мен дәрігерлер шақырылды. Қазір тоғыз бала облыстық балалар ауруханасына, тағы біреуі жедел жәрдем станциясының токсикология бөлімшесіне жеткізілді.
Ал оқыс оқиға болған мектептегілер бұл жайында қандайбір түсініктеме беруден бас тартты.

Перейти к новостям спорта