Павлодарда "Кастинг" зауытындағы қара металл қалдықтарының арасынан табылған жауынгерлік снарядтардың бірнешеуі ұрланған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Кастинг" зауытындағы қара металл қалдықтарының арасынан табылған жауынгерлік снарядтардың бірнешеуі ұрланған болып шықты

Павлодарда "Кастинг" зауытындағы қара металл қалдықтарының арасынан табылған жауынгерлік снарядтардың бірнешеуі ұрланған болып шықты

Павлодарда "Кастинг" зауытындағы қара металл қалдықтарының арасынан табылған жауынгерлік снарядтардың бірнешеуі ұрланған болып шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне металлургиялық зауыттың бір жұмысшысы хабарлады.

  • 8 Сәуiр 2004
  • 471
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, тонаушылық оқиғасы жүк жаңадан кәсіпорынға жеткізілген кезде, наурыз айының соңында болған. Ол кезде снарядтардың нақты саны белгісіз-тұғын. Снарядтардың қандай түрлері мен дәл қаншасы ұрланғанын ақпарат көзі нақты айта алмады. «Кастинг» металлургиялық зауытының қауіпсіздік қызметі салынған тыйымды сылтауратып, бұл оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартты. Облыстық әскери комиссариат пен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадағылар «Кастинг» зауытында снаряд ұрланғаны туралы ақпараттан бейхабар екенін жеткізді. Агенттікке белгілі болғанындай, қазіргі жағдаймен металлургиялық зауытта 1400-ден астам артиллериялық снарядтар мен авиациялық зымырандар бар. Олардың 607-сі жарылыс қаупі бар заттардан тұратын жауынгерлік снарядтар болып табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, металл қалдықтары Павлодардағы «Кастинг» зауытына Оңтүстік Қазақстан облысынан теміржолмен жеткізілген көрінеді. Вагондардан барлығы 29 тонна снаряд шықты. 3-сәуір, сенбіде ҰҚКД-нің қызметкерлері әскери комиссариат және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерімен бірлесе отырып, оқ-дәрілерді тексеріп шықты. Қазір снарядтарды түрлерге бөлу жұмыстары жүргізілуде. Оқ-дәрілердің арасынан кумулятивті снарядтар да табылды.
Осыған орай жуырда Павлодарға Семейдегі инженерлік-саперлік батальонның сапарлер тобы келіп жетті. Сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін снарядтарды ұқсату мәселесі шешіледі. Олар таяу жердегі әскери полигонға жеткізіліп жойылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар