Павлодарда "Хабар" агенттігі мен "Азаттық" радиосының журналистері соққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Хабар" агенттігі мен "Азаттық" радиосының журналистері соққыға жығылды

Павлодарда "Хабар" агенттігі мен "Азаттық" радиосының журналистері соққыға жығылды

Павлодарда "Хабар" агенттігінің тілшісі Ардабек Солдатбай мен "Азаттық" радиосының журналисі Есенбек Самат соққыға жығылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Маусым 2005
  • 1071
Фото - Caravan.kz

Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні журналистерге белгісіз алты адам қарақшылық шабуыл жасады. Шабуылшылардың бірінде газды тапанша болған. А.Солдатбай мен Е.Саматтың алған жарақаты орташа ауыр деп бағалануда.

Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен шабуыл жасаған бес адам ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты тергеу барысын Павлодар облыстық ІІБ-ның бастығы Мұрат Урматбеков тікелей өз бақылауына алды.
Жәбірленушілер бұл шабуылды кәсіби іс-қызметімен байланыстырмайды. Алайда, осы оқиғаның алдында ғана «Хабар» агенттігінің тілшісі Павлодардағы бірқатар жанармай құятын станциялардың заңсыз іс-қызметі туралы сыни материал жасаған болатын.

Перейти к новостям спорта