Павлодарда хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміндегі 10 жасар ұлды өлтіру оқиғасы әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміндегі 10 жасар ұлды өлтіру оқиғасы әшкереленді

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміндегі 10 жасар ұлды өлтіру оқиғасы әшкереленді

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміндегі 10 жасар ұлды өлтіру оқиғасы әшкереленді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 15 Қазан 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде жүрген 10 жасар ұлдың мәйіті 13-қазанда табылған болатын. Баланың денесі мен мойнынан пышақ іздері табылған еді.

Кеше, 14-қазанда Успенский ауданында бұған дейін ұрлық үшін сотталған 25 жастағы күдікті қолға түсті. Тұтқын өз қылмысын мойнына алды. Оның айтуынша, қыркүйек айының соңында абақтыдан оралған ол Павлодарға келіп, бір жолдасын іздеу барысында екеуіне де ортақ таныс әйелдің үйіне келеді. Ол жерден жолдасын таппаған әлгі, үй иесі әйелдің қонақжайлығын пайдаланып сонда бірнеше күн аялдап қалады. Бұдан кейін әйелдің кейбір заттары мен 1500 теңгесін жымқыра кеткен әлгі жігіт сол үйдің 10 жасар ұлын өзімен бірге Успенский ауданына баруға шақырады. Бала оған келіседі. Павлодардан шыға берісте әлгі жігіт ұлмен бірге арақ ішкен. Сөйтіп, жынды судан масайып қалған ол баланы кірпішпен сабап, мойнынан пышақпен жарақаттаған. Ал баланың өлігін темір жолдың бойына тастап кеткен.

Соңғы жаңалықтар