Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Павлодар қалалық соты "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін екі жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтеуге үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар қалалық сотынан хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

20 жастағы бозбала ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтік, ұлтаралық және дінаралық араздық тудыру жөніндегі 164-бабы, 2-тармағы және заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе оның іс-қызметіне қатысу жөніндегі 337-бабы, 3-тармағы бойынша сотталды.

Ол 2004-жылғы күзде Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген жерінен ұсталған. Осындай сипаттағы үнпарақтар мен әдебиеттер оның үйінен де табылды.
«Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының үнпарақтары алғаш рет Павлодардағы орталық мешітте 2003-жылғы қараша айында тәркіленген. Соңынан экстремистік сипаттағы үнпарақтар тұрғын үйлердің подъездерінен де табыла бастады.

Перейти к новостям спорта