Павлодарда кішкентай қыз құдыққа құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кішкентай қыз құдыққа құлап кетті

Павлодарда кішкентай қыз құдыққа құлап кетті

Павлодарда 2 жасар қыз қақпағы жоқ кәріз құдығына құлап, майып бола жаздады. Қазір миы шайқалып ауруханада жатыр. Бүлдіршін зағип анасының жетегінде келе жатқан екен. Енді келіншек кімді кінәларын білмей отыр. Ал, қақпақты дереу жауып тастаған жауапты мекеме жағдайға қанық болғанымен, көмек көрсетпек түгілі, кешірім де сұрамаған.

  • 13 Наурыз 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік көмекшісін әлекке салғысы келмей, өздігімен қайтпақ болған зағип жан кімге өкпе айтарын білмейді. Сәбиінің төрт метрлік тереңдікке құлап, сау қалғанына шүкіршілік етуде.

Гүлнар Адамжанова:

— Қызымды жоғалтып алдым ба деп қорықтым. Өйткені, мен жылағанын бастапқыда естімедім де.

-Аузы ашық құдыққа етпетінен құлаған қызды жолай өтіп бара жатқан такси жүргізушісі байқап, аман алып шығыпты. Зағип анасымен бірге ауруханаға жеткізген де сол екен. Кейін мүмкіндігінше көмектескен рақымшыл жігіт аты-жөнін айтпастан, кетіп қалған.  Ал, кәріз құдықтарына жауаптылар тұлғалар оқиға болған соң сасып қалса керек, мына қақпақтарды дереу жауып тастаған. 

Коммуналдық сала мамандары өздерінің салғырттық жасамағанын айтады. Уақытылы жабылатын қақпаларды қаңғыбастар «қағып» кетеді екен. Қауіп-қатердің алдын алу мен қадағалау міндеті монополисттерге жүктелетін көрінеді. Оның өзінде, сұрау салатын адам болғанда ғана.


Алмас Мусинов, Алмас Мусинов, Павлодар қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бөлім меңгерушісі:

-Мұндай оқыс жағдай болғанда, құдыққа құлаған адам алған жарақаттарының өтемін сот органдарына жүгініп, өндіріп алуына болады.

Ал, қызының жанынан қарыс қадам кеткісі жоқ Гүлнар Тадамжанова мәселені соттаспай-ақ шешкісі келеді. Қателік жіберген компаниядан ешкім төбе көрсетпесе де, кейін кешірім сұрай келетіндерін әлі күтіп жүр.