Павлодарда кісі өлтірген жасөспірімдер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кісі өлтірген жасөспірімдер ұсталды

Павлодарда кісі өлтірген жасөспірімдер ұсталды

Павлодарда бір қызды өлтірді деген күдікпен кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірім ұсталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 362
Фото - Caravan.kz

29-қарашада Павлодардағы бір мектептің саябағы аумағында кісі қолынан өлген қыздың мәйіті табылған болатын. Екі күннен кейін қыздың аты-жөні анықталды. Кісі қолынан өлген 21 жастағы Павлодар тұрғыны қалалық кафелердің бірінде аспаздың көмекшісі болып істеген. Қыздың өлі денесі табылған саябақ аумағы арқылы ол әдетте күнделікті жұмыстан қайтқанда жүреді екен. Өлімге душар болатын күні ол жұмыстан кешкі сағат онда қайтқан. Осыдан жарты сағаттан кейін қыз өлі күйінде табылды.

Полиция осынау кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен біреуі 17, қалған екеуі 18 жастағы екі жасөспірімді ұстады.
Полицейлердің мәліметіне жүгінсек, күдіктілер бастапқыда қыздың сөмкесін тартып алу үшін қарақшылық шабуыл жасаған. Алайда қыздың қарсылығына ұшыраған әлгілердің ішіндегі ең кішісі оны жүрегі мен өкпесінен үш жерден пышақтап алса керек. Бұнымен шектелмей, әлгілер қыздың басынан балғамен тағы да ұрған. Осыдан кейін олар қыздың сөмкесін алып, іздерін жасырған.
Облыстық ІІБ-нан хабарлағанындай, 17 жастағы жасөспірім кісі өлтіргендігін мойындады. Ал оның екі сыбайласы тағы да ұсталды, олардың біреуі қазір полицейдің күзетінде қалалық ауруханада жатыр. Қызды өлтірген сәтте 17 жасар жігіттің пышағы оның аяғына да тиіпті.
Облыстық ІІБ-нан хабарлағанындай, қызды өлтірген 17 жастағы қаныпезер жігіт бұған дейін де ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Бейберекет отбасынан шыққан ол қызды өлтірген кезде мас болған. Ал күдіктілердің екеуі жай отбасының балалары.

Соңғы жаңалықтар