Аталмыш қылмысқа қатысы бар екі күдікті — 17 жасар қыз бен 20 жастағы жігіт —
19-тамызда тұтқындалыпты. » Үшінші күдіктінің есімі де белгілі. Қазір оны қамауға алу әрекеттері жасалуда»,- деді Д.Тойғанбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың шілде айында «Эврика» кітап дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып 33 жастағы күзетші кісі қолынан қаза тапқан болатын. Кітап саудасымен бірге қымбат қымбат жиҺаздар сатумен де шұғылданған дүкеннің сейфінен 150 мың теңге тоналған еді.
Д.Тойғанбаевтың айтуынша, алдын-ала жоспарланған қылмыс нәтижесінде қылмыскерлер дүкен сейфінен 500 мыңға жуық теңгені жымқыруды көздесе керек. Алайда, шын мәнінде дүкен сейфінен 150 мың теңге ғана шыққан.
Сондай-ақ, өткен аптада Павлодар облыстық полиция қызметкерлері бұған дейінгі тағы үш кісінің өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстап алды. Олардың бірі 1998-жылы жасалған қылмыс болатын.
Жыл басынан бері Павлодар облысында қасақана кісі өлтіру оқиғасы 71 мәрте тіркелді. Олардың алтауы әшкереленді. Ал өткен жылғы осы мерзімде қасақана кісі өлтіру қылмысы 100 мәрте тіркелген болатын.