Жарияланды: 540

Павлодарда көпфункционалдық спорттық кешен құрылысы басталды

Павлодарда көпфункционалдық спорттық кешен құрылысы басталды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Жобада 500 орындық көрерменге есептелген 24х24 метрлік ойын залдары, гимастардың жаттығуларына қажет залдар, мөлшері 18х24 метр болатын 5 спорт залы – балуандарға, ауыр атлеттер мен теннистшілерге арналған залдар бар. Жоспарда тренажерларда шынығу мен аэробика және фитнеспен айналысу залдары қарастырылған. «Спорттық кешен барлық халықаралық талаптарға сай салынады», - деді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев. Бұл кешен құрылысына қажет қаражатты «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілесі «ҚазТрансГаз» бөлді. «ҚазТрансГаз» компаниясының бас директоры Данияр Берлібаев хабарлағандай, барлығы бұл нысанға $10 млн қаражат жұмсалды. Құрылысты аяқтау 2012-ші жылға есептелген. «Қаладағы барлық дерлік спорттық нысандар демеушілер қаражатының есебінен салынып жатқанын айтуымыз керек. Соңғы жылдары футболдық 20 спорт алаңы, 8 – тенистік, 6- тритболдық алаң салынды. Биыл екі шаңғы базасы аяқталмақшы», - деді Б. Сағынтаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін