Өрт бір жарым сағатта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 9 техникасы, ҚР ТЖМ ТЖД «Шұғыл құтқару қызметі» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.
41 адам, соның ішінде 10 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді, 3 адам құтқарылды. Құтқарушылар өртпен күрес кезінде бесінші қабаттың саты алаңында 40 жастағы әйелдің мәйітін тапты. 1 және 12 жастағы балалар (жеңіл уланған, балалардың жағдайы қалыпты) мен 3 ересек иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді