«Дүйсенбі, 30-мамыр күні Павлодарда термометр көрсеткіштері +35,4 градусқа дейін көтерілді», деп хабарлайды Павлодар гидрометрорталығының өндірістік бөлімі.
«1936 жылдан бері өңірде күн осынша ысып көрген емес. 1953 жылы мұнда +34,8 градус ыстық болды», — делінген хабарламада.
Жалпы, аймақта жауын жауып тұр. Соңғы 4 күн ішінде облыстың солтүстігіне жауын-шашынның айлық нормасы, қалған бөлігіне айлық норманың 25-50%-ы жауып үлгерген.