Павлодарда құны 18 млн теңге болатын вейптер тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда құны 18 млн теңге болатын вейптер тәркіленді

Павлодарда құны 18 млн теңге болатын вейптер тәркіленді

Екібастұздағы пәтерлердің бірінен полицейлер 2500-ға жуық электронды темекі  тауып алды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сатып, таратқаны үшін 20 жастағы жігіт ұсталды.

  • 11 Ақпан
  • 4
Фото: Павлодар облысы ПД

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер вейптерді Екібастұз қаласы Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тапқан. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналғаны анықталған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып жарнамалаған әрі интернет-дүкен арқылы вейптерді өткізіп келген. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді. 

-Жалпы саны 2,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. Заңсыз құралдардың жалпы сомасы 18 млн теңге. Қазіргі уақытта жанбайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінен. https://kaz.inform.kz/news/pavlodarda-kuni-18-mln-tenge-bolatin-veypter-tarklend-2e2453/