Павлодарда Майра әндерінің конкурсы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Майра әндерінің конкурсы өтті

Павлодарда Майра әндерінің конкурсы өтті

Павлодарда әнші және композитор Майра Шамсутдинованың (1890-1927) әндерінің конкурсы өтті.

  • 4 Сәуiр 2011
  • 658
Фото - Caravan.kz

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ән байқауы екі күнге созылды, деп хабарлады мәдениет басқармасынан.

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның көптеген өңірлерінде өнер көрсеткен Майраның әндері атышулы Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінің сәні болған. Әншінің өзіндік орындаушылық шеберлігіне жоғары баға берген Александр Затаевич, оның әндерін «Қазақ халқының мың әні» альбомына енгізген.

Майра әндерінің конкурсында еліміздің он жеті қаласынан келген орындаушылардың ішінен павлодарлық әнші Әсел Ботаева озып шықты. Әселдің айтуынша, оның шығармашылығында Майраның әндері ерекше орын алады екен.

Перейти к новостям спорта