Павлодарда мануалды терапевтен ем алған сәби 476 күннен бері комада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мануалды терапевтен ем алған сәби  476 күннен бері комада жатыр

Павлодарда мануалды терапевтен ем алған сәби 476 күннен бері комада жатыр

Павлодарда жақында 2 жасқа толатын сәбидің комада жатқанына 476 күн болған. Жанайдаровтардың жалғыз ұлы «мойынның күрделі сынуы» диагнозымен жансақтау бөліміне түскен. Ата-анасының айтуынша, бұған мануалды терапевт кінәлі.

  • 30 Мамыр 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бүгінде оған қатысты қылмыстық із қозғалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіКТК арнасына сілтеме жасап.

Комада жатқанына 476 күн болған Кәрім өздігінен демала алмайды. Оған шұғыл түрде ота жасау керек. Алайда Павлодарда қажетті құрылғылар мен мамандар жоқ екен. Ал басқа қалаға ұшуды сәбидің ағзасы көтере алмауы мүмкін.

«Павлодар облысы үлкен бола тұра, осында екі микроскоп сатып ала алмай ма? Сонда Нұр-Сұлтаннан, Курганнан дәрігерлер келіп, оған ота жасайтын еді. Баланы сонша уақыт қинап не керек? Мұның бәрін оның жағдайы нашарлағанға дейін жасауға болатын еді ғой», — дейді сәбидің анасы Гүлмира Жанайдарова.

Кәрім дүниеге келгенде дені сау болған. Ол 7 айлығында мануалды терапевтің емінен кейін жансақтау бөліміне түсіп қалыпты. Ауруханадағылар сәбидің екі мойын омыртқасының сынғаны анықталған. Сәбидің туыстары полицияға арызданыпты.

Полициядағылардың сөзінше, мануалды терапевтке қатысты «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісті түрде орындамауы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. сәбидің туыстары ІІД-нің екі сот-медициналық сараптама жасатып, үшіншісін тағы тағайындағанын айтады. Ал дәрігер осы уақыттан бері ем-дом жасауды жалғастырып келеді екен.

Ресейдің Курган қаласының дәрігерлері 3 миллион теңгеге ота жасауға келіскен. Олар республикалық нейрохирургия орталығына шақырылған екен. Алайда елордалық дәрігерлер соңғы уақытта кішкентай пациентті тасымалдауға жарамайды деп таныпты. Ал павлодарлық медициналық қызметкерлер тәуекелге бел бууға дайын. Олар комада ересектердің өзі осынша ұзақ уақыт шыдамайтынын айтты. Ал Кәрім организмі көтере алуы мүмкін, дейді.


«Оның организмінің қоры сарқылып барады. Бұл заңды нәрсе. Себебі бұлай ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан қазір ота жасау – соңғы мүмкіндік», — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.

Кәрімнің туыстарына қиын таңдау жасауға тура келеді. Ота жасалмаса, ұлын жоғалтып алуы мүмкін. Алайда оны тасымалдау да өміріне қауіпті. Ендігі олар көлігі мен ата-анасының пәтерін сатып, тапқан ақшасын павлодарлық ауруханаға қажетті құрылғыларды алып беріп, дәрігерлердің ұшып келуін төлеп беруге жұмсамақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар