Павлодарда маскүнем әйел қызын трамвайға отырғызып қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда маскүнем әйел қызын трамвайға отырғызып қашып кеткен

Павлодарда маскүнем әйел қызын трамвайға отырғызып қашып кеткен

Павлодарда маскүнем әйел 6 жасар қызын трамвайға отырғызып жіберіп, құтылмақ болған. Деподан түскен бүлдіршін қазір арнайы орталықта.

  • 24 Қыркүйек 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Евгенияны қоғамдық көлікке отырғызып, «әжеңнің үйінің алдындағы аялдамадан түсесің» депті анасы. Адасқан қыз трамвай депосынан бір-ақ шыққан. Ондағылар полицияға хабар беріп, сәбиді бейімдеу орталығына алып кеттіі. Тәртіп сақшылары аты-жөнін айтқан қыздың ата-анасын іздеп тапса да, олар бүлдіршіннен бас тартып отыр. Әбден шошып қалған Евгения қазір мамандардың жіті бақылауында. Ішікілікке салынған әке-шешесі түзеліп, райынан қайтпаса, бала көп ұзамай жетімдер үйіне жіберіледі.

Николай Қожахметов, Павлодар облыстық кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының жетекшісі :

– Біз баланың анасымен бірнеше рет хабарластық. Алайда ол түрлі сылтау айтып келмеді. Соңғы рет бейімдеу орталығына жетуі үшін ақшасының жоқ екенін айтып, тұтқаны қоя салды.

Соңғы жаңалықтар