Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Павлодар қаласының көшелерін күзету кезінде полиция қызметкерлері бір жігіт жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатты, деп хабарлады қаланың ІІБ-ның қызметкері Жанна Біләлова.

  • 9 Ақпан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Тексеріс кезінде 23 жасар азаматтың мас екені белгілі болды. Полицейлер оны Павлодар ІІБ-ның мәліметтер базасынан тексерген кезде, күдіктінің 2010 жылдан бері есірткі қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Ұсталған азамат — Павлодар тумасы, 2009 жылы Ресейдің Томск қаласына кетіп, сол жылдың шілде айында РФ азаматтығын алған екен. 2011 жылы Павлодардағы ата-анасына келген.

Павлодардың мамандандырылған соты азаматты көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін 10 тәулікке соттады. Кейіннен ұсталған азамат ресейлік әріптестерге тапсырылады.