Жарияланды: 690

Павлодарда «Мен -чемпионмын» спорттық телеойыны өтті

Павлодарда балалардың «Мен -чемпионмын» атты ІХ облыстық спорттық телеойыны өтті.

Жарысқа павлодарлық «Экстремал» және «Бэмс» командалары, ақсулық «Шкеды» командасы қатысты. Балалар скейтбордта, самокатта сырғанаудан жарысты, доппен ойнау шеберлктерін көрсетті -спортшылар жеңіске деген барлық ерік-жігерлерін паш етті. Балалармен бірге ата-аналар да отбасылық жарыстарда өнер көрсетті. Павлодарлық №21 мектептің «Экстралдар» командасы «Мен -чемпионмын» ойынының жеңімпазы болып танылды. Жарыс құрылтайшылары - білім басқармасы, «Қазақстан-Павлодар» телерадиокомпаниясы, «Нұр Отанның» облыстық филиалы және «Апелло спорт» спорттық фирмасы қатысушыларға дипломдар, мақтау қағаздарын және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін