Павлодарда «Мен -чемпионмын» спорттық телеойыны өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.37
  • 609.97
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Мен -чемпионмын» спорттық телеойыны өтті

Павлодарда «Мен -чемпионмын» спорттық телеойыны өтті

Павлодарда балалардың «Мен -чемпионмын» атты ІХ облыстық спорттық телеойыны өтті.

  • 6 Маусым 2011
  • 680
Фото - Caravan.kz

Жарысқа павлодарлық «Экстремал» және «Бэмс» командалары, ақсулық «Шкеды» командасы қатысты. Балалар скейтбордта, самокатта сырғанаудан жарысты, доппен ойнау шеберлктерін көрсетті -спортшылар жеңіске деген барлық ерік-жігерлерін паш етті.

Балалармен бірге ата-аналар да отбасылық жарыстарда өнер көрсетті.

Павлодарлық №21 мектептің «Экстралдар» командасы «Мен -чемпионмын» ойынының жеңімпазы болып танылды.

Жарыс құрылтайшылары — білім басқармасы, «Қазақстан-Павлодар» телерадиокомпаниясы, «Нұр Отанның» облыстық филиалы және «Апелло спорт» спорттық фирмасы қатысушыларға дипломдар, мақтау қағаздарын және бағалы сыйлықтар табыс етті.