Павлодарда мерзімді әскери борышын өтеуші жауынгер бес қабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мерзімді әскери борышын өтеуші жауынгер бес қабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды

Павлодарда мерзімді әскери борышын өтеуші жауынгер бес қабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды

Павлодарда мерзімді әскери борышын өтеуші жауынгер бес қабатты үйдің шатырынан секіріп жанын қиды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің Павлодар гарнизоны бойынша әскери-тергеу бөлімінен хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 453
Фото - Caravan.kz

30-қарашада Павлодардағы Суворов көшесінің бойында орналасқан үйдің жанынан осы қалада орналасқан 5512 әскери бөлімшеде мерзімді әскери борышын өтеуші 21 жастағы жауынгердің денесі табылған. Әскери-тергеу бөлімінен хабарлағанындай, әскер өлерінің алдында хат жазып қалдырыпты. Әскерилер жігіттің өз жанын қиюына бөлімшедегі әлімжеттік пен отбасындағы ауыр ахуал әсер етті деген пікірде.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің өзара бағынышты емес әскерилер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу жөніндегі 370-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамадан кейін әскердің мәйіті үйіне жіберілді.

Перейти к новостям спорта