Павлодарда мобильді ХҚКО жұмыс істей бастады
Павлодарда пилоттық режимде мобильді халыққа қызмект көрсету орталығы (ХҚКО-ҚазТАГ)іске қосылды, деп хабарлайды жұма күні ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ) баспасөз қызметі. |
«Ауылдық аймақ әкімдерімен алдын-ала келісілген жұмыс кестесіне сәйкес, мобильді ХҚКО ауылдарды аралап, стационарлық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді», - делінген БАМ ақпаратында.
Оған сәйкес, қажет құжаттарды ресімдегеннен кейін, ол құжаттар аудан орталығында орналасқан ХҚКО жіберіліп, қызмет көрсету стандарттары мен регламентімен бекітілген мерзім ішінде дайын болған құжаттар сұраным жіберілген мекен-жайға жеткізіледі.
Ведомстводағылардың пікірінше, бұл шара мемлекет басшысының «халықтың, оның ішінде аудан орталықтарынан алыста орналасқан елді мекен тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсетулерге толық қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді».
«Осылайша, алыс елді мекен тұрғындары, өздеріне қажетті анықтамаларды алу үшін аудан орталықтарына баруға кететін уақыты мен жол шығындарын үнемдейді» - делінген хабарламада.
БАМ мәліметінше, осындай мобильді ХҚКО пилоттық режимде Жамбыл облысының Меркі ауданында іске қосылды.
Ағымдағы жылғы маусым айының аяғына дейін Атырау облысының бір ауданында іске қосылады, 2012-2013 жылдары мобильдік ХҚКО еліміздің барлық аудандарында жұмыс істейтін болады.
Бір мобильді ХҚКО-ның(арнайы фотоаппарат, электрондық қолтаңба сканері, принтер және ноутбукпен жабдықталған НИВА автокөлігі ) құны, алдын-ала есеп бойынша 2 млн теңгені құрайды. Бұған қосымша штаттық бірліктің қажеті жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін