Су жаңа екі трамвай вагоны пандуспен жабдықталған. Тағы бір артықшылығы, баспалдақ жоқ. Сыйымдылығы 187 адамды құрайтын вагондар Ресейде шығарылған. Құны 82 млн теңге. Шойын жолмен жүретін қоғамдық көліктің жаңа түрі электр қуатын басқаларға қарағанда 40 пайызға аз тұтынады екен.