Павлодарда мүгедекті тонаған ұры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда мүгедекті тонаған ұры ұсталды

Павлодарда мүгедекті тонаған ұры ұсталды

Павлодарда мүгедекті тонаған ұры ұсталды. 22 жастағы жігіт аялдамада тұрған дәрменсіз мүгедектің саусағындағы сақинасын шешіп алған. Қылмысы бақылау камерасына түсіп қалғанын білмеген сұғанақ алысқа да ұзай алған жоқ. 

  • 31 Қазан 2012
  • 306
Фото - Caravan.kz


Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарына аялдамадағы мына көрініс ілікен: өзін нашар сезініп, жерге жайғасқан азаматқа аялдама орындығындағы жас жігіт телміріп қарап отыр. Сөйтсе, оның көзіне жерде отырған жарымжанның саусағындағы жалт-жұлт еткен сақинасына түсіпті. Сұғанақ ойланбастан қасына барып, қолындағы жүзігін суырып алды. Алайда дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары оны алысқа ұзатқан жоқ. Сөйтсе, еш жерде жұмыс істемейтін 22 жастағы жігіт арзан әшекейді алтын деп ойлапты. Енді сау басына сақина тілеп алған ұры 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар