Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды

Павлодарда нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды

Павлодар қаласында тәулігіне бүйрек жетімсіздігі бар 100-ге жуық пациентті қабылдауға қауқары бар

  • 6 Қараша 2015
  • 653
Фото - Caravan.kz

«BB NURA» бірегей нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Медициналық орталық «ABM Investment Group» басқарушы компаниясы ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылды. Кәсіпорынның негізгі серіктесі — германиялық «B.Braun Avitum AG» компаниясы. Жекеменшік инвестор аталмыш жобаға 30 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.  

«BB NURA» ЖШС аймақтық филиалдың директоры Амангелді Қасеновтің айтуынша, бүгінгі күннен бастап облыста ерте диагностика мен оңалту кезеңдерін қамтитын медициналық көмек көрсететін нефрологиялық кластер құрыла бастады. Сырқаттарға көрсетілетін қызметтердің бірі — «Жасанды бүйрек» апаратының көмегімен қан тазарту. Сонымен қатар кеңестер беріліп, медикаментоздық көмек ұсынылады. Орталық жылына 48 мың процедура жасай алатын 25 «Dialog» атты жаңа құралдармен жабдықталған.

Аталмыш ЖШС мен облыстағы денсаулық сақтау басқармасы арасында жасалатын келісімшартқа сәйкес сырқаттар диеталық тамақтану мен қажетті ем қабылдау тегін жүргізіледі.

— Толық нефрологиялық қызмет науқастарға көмек көрсетудің барлық түрін қамтиды. Атап айтқанда, гемодиализді қоса алғанда (қанды бүйректен тыс тазарту) ерте диагностикалаудан бастап, алдын алуға дейін, тамырларды қалыптастыру, кеңес беру, диагностикалық және медикаменттік көмекпен қамтамасыз ету. Орталықтағы емдік шаралардың барлығы «Dialog» атты заманауи диализ аппаратымен жасалады. Науқастарды бүйрек алмастыруға дайындау үшін нефрологиялық қызмет бастапқы медициналық буынмен және республикалық орталықтармен бірлесе жұмыс жасалады. Орталық мамандары аймақтағы науқастардың барлығын диализ қызметімен толық қамтитын болады, — дейді нефрологиялық орталық бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Дүймағамбетов.

Ж. Дүймағамбетовтің айтуынша, павлодарлық сырқаттардың сараптама қорытындылары сырқаттарды бүйрек алмастыруға дайындау мақсатында жалпыреспубликалық мәліметтер базасында көрініс табады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, нефрологиялық орталықтың көмегіне зәру азаматтардың саны жыл саны артып келеді. Өткен жылы бұл санаттағы сырқаттардың саны 136 болса, биылғы жылы олардың қатарына 143-ке жеткен. Пациенттердің 69-ы — мемлекеттік, ал 74-і жекеменшік денсаулық сақтау мекемелерінің есебінде тұр.


— Бүгін еліміздегі ірі диализ орталығы ашылды. Бұл нысан бүйрек жетімсіздігіне шалдыққан азаматтардың қажеттіліктерін өтейді. Орталық алғашқы пациенттерін ертең қабылдай бастайды. Болашақта әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған кіші инвазивті хирургиялық оталар жасалады деп күтілуде, — дейді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар