Павлодарда омыртқасы сынған төбетке иесі арнайы арба алдыртқан - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда омыртқасы сынған төбетке иесі арнайы арба алдыртқан

Павлодарда омыртқасы сынған төбетке иесі арнайы арба алдыртқан

Арбаға таңылған ит. Павлодарда омыртқасы сынған төбет енді арнайы арбамен жүретін болды.

  • 25 Тамыз 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Белі сынып, қараусыз қалған итті Лилия Хисматулина күшік кезінде ветеринарларға көрсеткен. Олар жануарды ұйықтатып тастауға кеңес беріпті. Алайда керекулік мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен итті Новосібір қаласына жеткізіп, рентгенге түсіреді. Кейін Павлодарға оралған ол жұрттан көмек сұрап, бағасы 20 мың теңгелік мына арбаға тапсырыс берген екен. Ал Лилияның өзі болашақ кинолог. Биылғы оқу жылында итті өзімен бірге алып кетіп, жаттықтырып көрмекші.

Лилия Хисматулина, Павлодар қаласының тұрғыны:

  Кей адамдар арбаға таңылған итті көргенде, күліп жатады.Өз басым үй жануарларын жақсы көремін.Сондықтан оларға қолдан келген көмекті аямауға тырысамын. Міне, бастапқыда мамандар өледі деген жануар көшеде жап-жақсы қыдырып жүр. Көмек берген жерлестеріме алғысым шексіз.

 

Соңғы жаңалықтар