Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың жол бөлігінде жеңіл автокөлік өртенген. Өртті ТЖМ өкілдері толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды абай болуға шақырды және автокөлікпен төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалуды ұсынды.