«Қазіргі уақытта операциялық жүйенің лицензиялы версиясын көп адам сатып ала бермейді, оларға өз таныстарынан осы жүйенің қарақшылық версиясын орнатып беруді өтіну айтарлықтай жеңіл»,- деді Ернар Смағұлов.
Павлодар облысының әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, әйгілі операциялық жүйенің лицензиясыз нұсқасы кейбір мемлекеттік мекемелердің компьютерлерінде де орнатылған.
«Біз қарақшылық жолмен көшірілген дискілер мен процессорларды тәркіледік. Ал мемлекеттік мекемелерде осы мақсатта арнайы қаржы бөлініп отырғанда, неге операциялық жүйенің лицензиясыз версиялары орнатылғандығын прокуратура анықтай жатар»,- деді Ернар Смағұлов.
Сонымен ақатар, облыстық әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласындағы базарлардың контрафакт өнімдерге лық толы екендігін, жергілікті сатушылар оларды әйгілі компания брендінің тұпнұсқасы ретінде сататынын атап өтті. «Ең көп жасанды өнім, әрине, ұялы телефондар сататын салондарда»,- деп хабарлады Павлодар облыстық әділет департаментінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім бастығы Ернар Смағұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті