Оқиға тура бір жыл бұрын болған. Жеткіншек сынып жетекшісі әрі дене шынықтыру пәні мұғалімімен мектеп жертөлесінде болған «әңгімеден» кейін көз жұмған. Барлық дәйекті айғақтар Жүнісовтың кінәсін дәлелдегенімен, құзырлы органдар көпке дейін оны құрықтауға асыққан жоқ. 4 мәрте өткізілген сот сараптамасы да қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмап еді. Жеткіншектің соққыдан өлгенін ақыры соңғы жүргізілген сараптама дәлелдеп, мұғалім темір торға тоғытылған. Бүгін осы шулы іске соңғы нүкте қойылды. Сот үкіміне сәйкес, Чернорецк мектебінің бұрынғы мұғалімі Әлеш Жүнісов алдағы 7 жылын темір торда өткізуі тіис.