Жарияланды: 460

Павлодарда «Орлытөбе» шекара қосынының тағы екі қызметкері қамауға алынды

Павлодарда «Орлытөбе» шекара қосынының тағы екі қызметкері қамауға алынды

«Орлытөбе» шекара қосынының аға сержанты мен прапорщигі кеше алдын ала тергеу және әскери прокуратура органдарының өтінішімен Павлодардың № 2 соты санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Оларға «Билік өкіліне қарсы өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты зорлық қолдану» және «Зорлық қолданумен бірге билігін немесе қызметтік өкілдіктерін асыру» баптары бойынша айыптар тағылды. Судья Күлшейра Бәкенова айыпталушылар үшін екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасын тағайындады. Бұрын хабарланғандай, «Орлытөбе» қосынында (Павлодар облысы) 15 қазан күні шекарашылар пара алды деп айыпталған әріптесін қорғамақшы болып, қаржы полицейлеріне қарсылық танытты. Олар қаржы полициясы қызметкерлеріне дене жарақаттарын келтіріп, қылмыс барысы жазылған аудио және бейнежазба құрылғыларын жарамсыз қылып, заттай дәйектерді жойған. Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану фактісі бойынша бұған дейін «Орлытөбе» қосыны бастығының міндетін атқарушы ұсталған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін