Павлодарда «Отбасы және жаз» жобасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Отбасы және жаз» жобасы басталды

Павлодарда «Отбасы және жаз» жобасы басталды

Павлодарда «Отбасы және жаз» жобасы басталды, деп хабарлады білім бөлімінен.

  • 5 Маусым 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz

Биыл жаз айларында 29 мыңнан астам оқушы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен қамтылмақ.

Әсіресе жасөспірімдерді жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жоғары сыныптарда оқитын 1,5 мыңдай баласы 6 маусымнан бастап қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кіріседі. Жұмыстары үшін олардың әрқайсысы 6,5 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың жоғары сынып оқушылары үшін де уақытша жұмыс орындары құрылуда. Жаз айларында қала кәсіпорындары 440 адамды жұмысқа қабылдайды, олардың ішінде 54 «қиын» жасөспірім бар.

Ал Балалар шығармашылығы орталығы биыл жазғы каникулда 11 шығармашылық жобасын қолға алса, Павлодар мектептерінің жандарынан ашылған 43 сауықтыру лагері 1 маусымнан бастап балаларды демалысқа қабылдады.

Соңғы жаңалықтар