Павлодарда пара беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша кеден қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда пара беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша кеден қызметкері ұсталды

Павлодарда пара беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша кеден қызметкері ұсталды

Павлодарда пара беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша қалалық әуежайдың кедендік тексеру-өткізу бекетінің қызметкері ұсталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2004
  • 480
Фото - Caravan.kz

29 жастағы инспекторды ҰҚКД-нің қызметкерлері Павлодар-Ганновер халықаралық әуе рейсінің жолаушысынан пара алып жатқан жерінен ұстады.

Сұғанақ кеденшіден Павлодарда қонақта болып қайтқан Германия азаматтары зардап шеккен. Олардың бірінің айтуынша, жүктерді тексеру кезінде кеден инспекторы заттардың арасынан бейнекассетаны көріп қалып, декларация талап еткен. Бұл туысқандарының өз қолымен түсірген отбасылық бейнекөріністері деген уәжге кеден қызметкері құлақ аспай, кассетаны шекарадан алып өту үшін қолма-қол ақша беруді талап етеді. Тек бір ғана әуе рейсі жүргіншілерінің жүгін тексеру барысында сезікті 80 евро және 2 мың теңге көлемінде пара алып үлгерген. Куәгерлердің айтуынша, тұтқындау барысында әлгі қарсылық көрсетпек болса керек.
Павлодар облыстық ҰҚКД аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «пара беруді талап ету» жөніндегі 311 бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Перейти к новостям спорта